Қызылорда облысында жүгеріден крахмал-сірне өндіретін зауыт ашылды. Әзірге алғашқы кезеңі, яғни дақылды кептіретін, сақтайтын кешені іске қосылды. Мұнда кемі 20 мың тонна шикізат сақтауға болады. Ал зауыт толыққанды іске қосылған кезде жылына 150 мың тонна шикізат өңдеп, одан крахмал, сірне секілді 20-ға жуық өнім түрін шығармақ.
Шухрат Құрбанов, Крахмал-сірне зауытының директоры:
- 20 мың тонна сақтауға мүмкіндігіміз бар. Бірақ, шаруалар одан көп өндіретін болса, оны да биыл қабылдауға дайынбыз. Сол үшін тез бітіруге тырыстық. Қабылдайтын орын бар екенін білсін, дедік. Негізгі құрылғылардың бәрі Түркиядан келген. Инженерлер де сол елдікі, ал кептіргіш Франциядан әкелінді. Кептіргішіміз күніне 1 200 тонна дән кептіреді.

