Сарапшылар салық заңнамасын жетілдіру мәселелерін талқылауда

Сарапшылар салық заңнамасын жетілдіру мәселелерін талқылауда

Қазақстан халқына Жолдауында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев салық заңнамасын жетілдіру қажеттігін атап өтті. Жаңа Салық кодексі жақында қабылданғанымен, оны іс жүзінде қолдану барысында қосымша шешімді қажет ететін мәселелер анықталды. Сарапшылардың пікірінше, кәсіпкерлердің ұсыныстарын ескеріп, салық нормаларын азаматтар мен бизнес өкілдеріне түсінікті ету маңызды. Сондай-ақ, мемлекетпен өзара іс-қимыл жасаудың нақты әрі айқын қағидаларын қалыптастыру қажет. Бұл ретте өзгерістер салық саясатының негізгі ұстанымдарына әсер етпеуге тиіс. Жалпы, заңнаманы жетілдіру қазіргі экономикалық жағдайға сай болып, азаматтар мен кәсіпкерлердің мүддесін қорғауға, инвестиция тартуға және Қазақстан экономикасының дамуына қолайлы жағдай жасауға бағытталуы қажет.

Жанар Жігітекова, ҚР Әділет министрлігі Заңнама және құқықтық ақпарат институтының директоры:

- Жаңа Салық кодексін қолдану тәжірибесі оған түзетулер енгізу қажеттігін көрсетіп отыр. Бұнда салық саясатының тұжырымдамалық негіздерін немесе Салық кодексін түбегейлі өзгерту туралы сөз болып отырған жоқ. Алайда салық нормаларын қолдану барысында қалыптасқан тәжірибе мен кәсіпкерлер көтеріп отырған мәселелерді ескере отырып, заңнамаға нақты өзгерістер енгізу қажет. Ең алдымен, салық заңнамасы баршаға түсінікті болуы тиіс. Мемлекет басшысы да  заңдардың түсінуге күрделі екенін атап өтіп, оларды барынша қарапайым әрі түсінікті ету қажеттігін айтты.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?