Қазақстан COP31 саммитінде құны 1,2 млрд доллардың келісімдеріне қол қойды

Қазақстан COP31 саммитінде  құны 1,2 млрд доллардың келісімдеріне қол қойды

Қазақстан жаңартылатын энергия көздерін дамытуда. Олардың үлесі соңғы 6 жылда 4 есеге артып, 8% жетті.  2030 жылға қарай бұл көрсеткішті 15% дейін арттыру көзделіп отыр. Қолға алынған әлеуетті жобалардың бірі - Alatau City. Ол төмен көміртекті шаһар ретінде құрылмақ. Ел табиғи қауіп-қатерлерді болжау мақсатында АІ мен ғарыштық мониторинг технологияларын енгізуде. Бұл туралы Премьер-Министр Олжас Бектенов Анталиядағы COP31 саммитінде айтты. Ол жиынға Президенттің тапсырмасы бойынша қатысты. Биылғы іс-шара әлемнің 70 астам елінің мемлекет және үкімет басшыларының, сондай-ақ ірі халықаралық ұйым мен қаржы институттарының жетекшілерінің басын қосты. Саммит алаңында қазақстандық делегация жаңартылатын энергияны дамыту және газ инфрақұрылымын жаңғырту бойынша жалпы құны шамамен 1,2 млрд долларды құрайтын бірқатар келісім жасасты.  Бұдан бөлек қоршаған ортаны қорғауға қатысты халықаралық ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі құжаттарға қол қойылды. Сондай-ақ COP31 аясында Үкімет басшысы түрлі экологиялық жобалар ұсынылған Қазақстанның ұлттық павильонын аралады.

Мақсат Тоғайбеков, KAZREZ компаниясы директорының орынбасары:

- KAZREZ компаниясы Қазақстанда ескі шиналарды өңдеп, одан құрылысқа, өнеркәсіпке және жол саласына өнімдер шығарады. 2027 жылы жаңа желілер іске қосылғанда, жылына 36 мың тонна резинке үгіндісімен 8 млн шаршы метр гидроизолизация шығару жоспарымызда. KAZREZ компаниясына ескі шина қалдық емес ресурс ретінде қолданылатын зат.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?