Қ.Тоқаев Қаржы мониторингі агенттігінің төрағасын қабылдады

Қ.Тоқаев Қаржы мониторингі агенттігінің төрағасын қабылдады

Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элиманов Мемлекет басшысына биылғы бірінші жартыжылдықта атқарылған жұмыс қорытындылары туралы баяндады. Осы мерзімде 7 қылмыстық топқа тосқауыл қойылып, астыртын криптоайырбастау орындары жойылған. Президентке ТМД елдері аумағында алғаш рет деректерді заңсыз иемдену мақсатында ұялы байланыс операторының жұмысын имитациялайтын және фишинг SMS-хабарлама тарататын құрылғы пайдаланған қылмыскерлер ұсталғаны баяндалды. Агенттік төрағасы бюджет шығыстарына мониторинг туралы да айтты. 52 инфрақұрылымдық жобада 279 миллиард теңгенің негізсіз жұмсалуына жол берілген жоқ. Заңнаманы жетілдіру нәтижесінде ФАТФ-тың 4 негізгі ұсынымы бойынша Қазақстанның рейтингі жоғарылады. Мемлекет басшысы Агенттіктің негізгі қызметіне қатысты бірқатар тапсырма берді.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?