The World Financial Review Қазақстан экономикасының жаңғыруын атап өтті

The World Financial Review Қазақстан экономикасының жаңғыруын атап өтті

Қазақстан соңғы 7 жылда 155 млрд доллардан астам тікелей шетелдік инвестиция тартты. Сырттан құйылған қаржының дені елдің өнеркәсіп, инфроқұрылым және шикізаттық емес секторына бағытталған. 2019 жылдан бері ел аумағында 625 өндіріс ошағы іске қосылды. Машина жасау, АӨК, құрылыс және көлік саласы қарқынды дамуда. Жаһандық экономика, қаржы және инвестиция мәселелеріне маманданған британдық іскерлік басылым The World Financial Review Қазақстан нарығына осындай талдау жасады. Мақала авторлары мұндай тың өзгерістерді Қазақстан Президенттің экономиканы әртараптандыру және өндіруші салаларға тәуелділікті біртіндеп азайту бағытымен байланыстырады. Сарапшылар еліміздің цифрлық жетістіктерінеде жіті тоқталған. Мәселен, бізде мемлекеттік қызметтердің 90% астамы онлайн түрде қолжетімді. Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының бағалауынша, Қазақстан мемлекеттік онлайн-қызметтерді дамыту бойынша әлемнің үздік он елінің қатарына кіреді. Басылымда бұның бәрі Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын артырып, жаңа жобаларды іске асыруға тың мүмкіндіктер ашып отыр делінген.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?