«Түркістан» жаңа энциклопеясы жарық көрді

«Түркістан» жаңа энциклопеясы жарық көрді

Түркістанның көне дәуірден бүгінге дейінгі тарихы екі томдық жаңа энциклопедияға жинақталды. Басылымды дайындауға 300 астам ғалым қатысты. 4 мыңнан астам атау мен ұғым қайта қаралып, толықтырды. 1998 жылы жарық көрген алғашқы «Түркістан» энциклопедиясы бір том болатын. Содан бері қала мен өңірдің тарихына қатысты көптеген жаңа зерттеу жасалды. Жаңа жәдігерлер табылып, тарихи тұлғалар, жер-су атаулары мен көне шаһарлар туралы жаңа мәліметтер ғылыми айналымға енді. Екі томдық басылым беттерін тарихи карталар, мұрағаттық материалдар, фотосуреттер мен археологиялық және сәулет ескерткіштерінің суреттері толықтырған. Отыз жылға жуық жиналған материалдар, бұрынғы нұсқаны жинақтап қана қоймай, қайта дайындауды қажет етті, - деді мамандар.

Дархан Қыдырәлі, жоба жетекшісі:

- Қолда бар барлық мәліметті салыстырып, жұмысқа түркі әлемінің көптеген ғалымын тарттық. Карталар мен иллюстрацияларды түгелдей жаңарттық. Екі томнан тұратын 800 бет пен төрт мыңнан астам мақаланы қамтыған бұл энциклопедия болашақта ағылшы, түркі, орыс, өзбек және тағы да туыс тілдерге аударылады деп ойлаймын. Бұл басылымның баламасы жоқ.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?