Түркістан облысында агродрон операторларын даярлау басталады

Түркістан облысында агродрон операторларын даярлау басталады

Жаңа оқу жылынан бастап Түркістан облысы Сарыағаш ауданының жоғары аграрлық-техникалық колледжінде авиациялық жүйелерді қашықтықтан басқару бойынша мамандар даярланады. Түлектер агродрондармен жұмыс істеуді үйреніп, арнайы құқықтарға ие болады. Оқыту өңірдегі ұшу аппараттарын шығаратын қытайлық компаниямен келісім негізінде жүргізіледі. Осы мақсатқа 100 грант бөлінді. Колледж қажетті жабдықтарды сатып алды, ал оқытушылар Қытайда тағылымдамадан өтті. Сондай-ақ, оқу орнында мамандандырылған кабинет жабдықталады. Бұдан бөлек, мұнда VR-көзілдірік арқылы дрондарды басқаруға арналған бағдарлама әзірленуде. Болашақта технологияны ауыл шаруашылығы алқаптарын өңдеу және жануарларға көмек көрсету мақсатында қолдану көзделген.


Темірлан Сизов, студент:

- Осы  VR көзілдірікпен қазір дронды игеріп, онымен ұшып көреміз. Сол үшін бағдарлама жасаймыз. Мысалы ешқашан малмен жұмыс істемеген болсаңыз осы VR көзілдірікті киіп, осы жерден тәжірибе алуға болады. Мысалы малға қарап, бір жері ауырса емдетесің. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?