Түрікменстан виза рәсімдеу мен көші-қон тіркеуін онлайн форматқа ауыстырды. Енді шетелдік азаматтар арнайы сандық сервис - migration.gov.tm. арқылы өтініш бере алады, ал онлайн-тіркеу үшін жеке сайт жұмыс істейді. Платформалар құжаттарды қашықтықтан және кез келген құрылғыдан жолдауға мүмкіндік береді. Бұл шетелдік азаматтардың ел аумағына кіру және елде болу рәсімдерін жеңілдетеді. Жаңа тәсіл туристер, кәсіпкерлер мен дипломаттар үшін қолжетімді. Көші-қон жүйесін цифрландыру құжаттарды ресімдеу мерзімін қысқартады, сондай-ақ қағаз айналымын азайтады деп күтілуде.
Мохд Сухаими Бин Ахмад Тажжуддин, Малайзияның Түрікменстандағы елшісі:
- Электронды виза енгізу - Түрікменстанға барғысы келетіндер үшін тамаша жаңалық. Бұл туристер үшін де, халықаралық конференциялар мен үкіметтік кездесулерге келетіндер үшін де сапарды айтарлықтай жеңілдетеді. Біз Түрікменстанның халықаралық іс-шараларды өткізу алаңы және туризм үшін тартымды ел ретіндегі рөлі мен маңызы артып келе жатқанын білеміз. Электрондық визалар шетелдік қонақтарды көбірек тартуға көмектесетініне сенімдіміз.
Бердімырат Чарыев, Түрікменстан Мемлекеттік көші-қон қызметінің әскери қызметшісі:
- Цифрлық технологияларды енгізу біздің еліміздің азаматтары мен шетелдік қонақтарының уақытын айтарлықтай үнемдеуге мүмкіндік береді. Жаңа шешімдердің арқасында қажетті қызметтер қолжетімді болады, ал құжаттарды ресімдеу жылдам және ыңғайлы өтеді. Бұл сондай-ақ қызмет көрсету сапасын арттырады және мемлекеттік қызмет көрсетудің жеделдігін қамтамасыз етеді.

