23 тамызда Қазақстанда алғаш рет жаңа бір палаталы
парламент - Құрылтай депутаттарының сайлауы өтеді. 145 орын үшін жеті саяси
партиядан 545 кандидат сайысқа түседі. Бұл сайлау жаңа Конституция аясында
өтеді және заңнамалық биліктің жаңартылған жүйесін қалыптастырудың практикалық
кезеңі болмақ. Саясаттанушы және мемлекеттік басқару саласындағы зерттеуші
Абдулла Төкеновтың пікірінше, Негізгі заң мемлекетіміздің жүйелі саяси
реформаларын түйіндейді.
Абдолла Төкенов, саясаттанушы және мемлекеттік басқару
саласындағы зерттеуші:
- Бірінші кезекте - бұл бір палаталы парламент -
Құрылтай, вице-президент лауазымын енгізу және заң шығару бастамасы құқығына ие
болатын жаңа консультативтік-кеңесші орган - Халық кеңесі тәрізді жаңа саяси
институттардың құрылуы.Олардың ішінде бірінші кезекте, әрине, жаңа бір палаталы
парламентті - Құрылтайды бөліп көрсетуге болады. Оның ерекшелігі, егер бұрын
бізде екі палаталы жүйе болса, енді депутаттар бір палатаға біріктірілді. Бұл
заңнамалық биліктің, жалпы алғанда, парламенттің шешім қабылдау үдерісіндегі
рөлін неғұрлым орнықты, неғұрлым ықпалды етеді.
Жаңа Ата заңның қағидаттары халықаралық стандарттарға
сәйкес келеді және еліміздегі адам құқықтарын қорғау жүйесін нығайтады.
Қазақстандық қоғамдық даму институтының сарапшысы Нұрғазы Ануарбеков осылай деді.
Сарапшы сондай-ақ Құрылтайда қарау үшін заң жобаларына бастамашылық жасау
құқығына ие болған Халық кеңесінің рөліне ерекше тоқталды.
Нұрғазы Әнуарбеков, Қазақстандық қоғамдық даму институтының сарапшысы:
- Конституцияның өн бойында азаматтардың құқықтарын,
адамдардың құқықтарын қорғауға бағытталған нормалар кеңінен жазылған. Және де
тағы бір ерекше атап өтетін нәрсе, ол халықаралық құқық нормаларының біздің
Конституция нормаларында кеңінен көрініс табуы, яғни біздің Конституция осы
жолғы халықаралық құқықпен байланысты нормалармен барлық кепілдік етілген
нормаларын қамтиды.

