Қазақстан жастары мемлекеттің дамуының жаңа тарихи кезеңіне дайын болуы
керек. Осы орайда білім мен құзырет әлдеқайда жоғары тұруы тиіс. Қасым-Жомарт
Тоқаевтың осы сөзі келешек ұрпақты рухани
жаңғырту бағдарымен үндеседі. Президенттің ой-тұжырымдары топтастырылған
«Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» атты кітабында осылай делінген. Сарапшылар
жинақ ел тағдырына бейжай қарамайтын қоғамның кез келген мүшесіне бағыт-бағдар
беретінін алға тартады. Ондағы алтын уақытты пайдалы іске арнау, жүріс-тұрыс
әдебі мен қоғамдық мәдениетті қалыптастыру сияқты орамды ойлар ел болып
ескеруді қажет етеді.
Бауыржан Атауов, Батыс Қазақстан облысы Қоғамдық кеңесінің төрағасы:
- Өмір болғасын әртүрлі түсініспеушіліктер, келеңсіз жағдайлар орын алуы
мүмкін. Осының барлығына сабырмен, салиқалы саясат жүргізіп, біздің қайда
баратынымыз жөнінде кітапта ойы жинақталған. Осы бағытта біз бірімізді біріміз
тәрбиелеп, елдің болашағына, ертеңіне жанашырлықпен әрқайсымыз еңбек етсек,
бізде бәрі бұдан да артық, жақсы болады деп ойлаймын.

