Сарапшылар сайлауалды науқанындағы теледебаттың маңызын атап өтті

Сарапшылар сайлауалды науқанындағы теледебаттың маңызын атап өтті

Сайлауалды үгіттің ақтық кезеңінде партия атынан сөз сөйлеген кандидаттарға көп көңіл бөлінуде. Сайлаушылар үміткерлердің өз бағдарламаларын түсіндіре алуын және командалық жұмысын бағалады. Саясаткерлердің айтуынша, Jibek Joly арнасындағы теледебат тәрізді көпшілік алдында сөйлеу, саяси бірлестіктердің ұстанымын ғана емес, олардың кадрлық әлеуетін де танытады.


Елдос Жұмағұлов, саясаттанушы:


- Партиялар осы сайлауда жеңіске жетуді көздейді. Айталық, соңғы теледебатқа екі спикерден қатысты - бұл командалық жұмыс. Яғни, олар бір-бірін толықтырды. Мұның мәнісі - өз бағдарламасын, өз мақсаттарын барынша тарқатып, жан-жақты таныстыру. Қандай да бір деңгейде олар бұған қол жеткізе алды. Бұл процесс үздіксіз жүретін құбылыс, сондықтан бәрі де мінсіз бола алмайды, бірақ партиялардың қандай ресурстары бар екенін, олардың адами әлеуетін танытады.


Құрылтай мүшелері жаңартылған Конституция жағдайында жұмыс істей бастайды. Сондықтан сарапшылар алдағы сайлауды заң шығарушы биліктің жаңа жүйесіне көшу сатысы ретінде қарастырады.


Назгүл Мағжан, Астана қаласы Әкімдігінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары:

- Жалпы халықтың да қызығушылығы артты. Қазір енді саяси партиялар жоғары саяси мәдениет пен барлық коммуникацияларды қолданып, халықпен байланысқа шығып тікелей эфир, кездесу, әртүрлі мақсатты аудиториялармен жұмыс істеулері әрине қуантады.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?