Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Самұрық-Қазына» қорының
басқарма төрағасы, өндірістік және қаржылық көрсеткіштердің орындалуы және ірі
инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылуы туралы баяндады.
Нұрлан Жақыпов Қордың инвестициялық портфелі жөнінде де мәлімет берді. Мәселен, алдағы үш жылда 21 трлн теңгеге 38 жобаны іске асыру көзделіп отыр. Олар энергетика, мұнай-газ, көлік және цифрлық инфрақұрылым салаларын қамтиды. Биылдың өзінде жалпы құны 3 трлн теңгеден асатын бірқатар инвестициялық жобаны аяқтау жоспарланған.
Нұрлан Жақыпов, «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы:
- Олардың қатарында Мойынты – Қызылжар, Дарбаза – Мақтаарал теміржолдарын
салу, Алтынкөл – Жетіген, Бейнеу – Маңғыстау учаскелерін жаңарту жұмыстары бар.
Сонымен қатар, Қашағандағы газ өңдеу зауыты, Алматы екінші жылу электр
орталығы, Түркістанда бу-газ қондырғысын және гибридті электр станциясы
жобаларын аяқтау жоспарланған. Астанада деректерді өңдеу орталығын салу және Каспийде
талшықты-оптикалық байланыс тарту жұмыстарыда аяқталады.

