Құрылтай
депутаттарын сайлауда қазақстандықтар
өздерінің азаматтық ұстанымын үйден шықпай-ақ білдіре алады.
Мұндай мүмкіндік сайлау учаскесіне дәлелді себептермен келе алмайтын
сайлаушыларға ұсынылады. Бұл – жеке денсаулығына
байланысты, немесе отбасының сырқат мүшесіне күтім жасаушыларға
немесе жеке учаскелері жоқ шалғай елді мекен тұрғындарына арналған мүмкіндік. Ол үшін 23 тамыз күнгі
сағат 12-ге дейін учаскелік сайлау комиссиясына жазбаша өтініш беру қажет. Мұндай өтініш негізінде сайлаушыға жылжымалы сайлау
жәшігі жөнелтіледі.
Бюллетень азамат жеке куәлігін көрсеткен соң
ғана ұсынылады. Дауыс беру құпиясының сақталуына
кепілдік беріледі.

