Құрылтай Президент айқындаған басым бағыттарды қолдауға шақырды

Құрылтай Президент айқындаған басым бағыттарды қолдауға шақырды

Президенттің жаңа Конституция қабылдағаннан кейінгі алғашқы Жолдауы ел тарихында жаңа сапалы кезеңге жол ашып, алдағы онжылдықтардағы даму кезеңін айқындайды. Бұл пікірді Құрылтай отырысында депутат Айдос Сарым айтты. Ол Қазақстан қазіргі әлемдегі ахуалдың күрделілігіне, болжамсыздығына қарамастан өткен жеті жылдың ішінде түбегейлі реформаларды батыл жүзеге асырғанын атап өтті. Оның пікірінше, Қасым-Жомарт Тоқаевтың стратегиялық көрегендігі елімізді халықаралық аренада беделді орта держава және жаһандық диалогтың мойындалған орталығы деңгейінде көтерді. Сондай-ақ, депутат Мемлекет басшысы 2027 жылды «Жалпыхалық ауқымды құрылыс жылы» деп жариялағанын еске салды.  Айдос Сарым сөзін қорытындылай келе Жолдауда еліміздің қуатты экономикалық әлеуетін инфрақұрылымды түбегейлі жаңартуға, әлеуметтік саланы сапалы дамытуға, сондай-ақ халықтың өмір сүру деңгейін арттыруға бағыттау сынды міндеттер қойылғанын тілге тиек етті.

¤¤Айдос Сарым, ҚР Құрылтайының депутаты:

- Мемлекет басшысы айтқандай: «Дәл осындай жауапты кезеңде ұлттың мінезі айқын көрінеді. Енжарлық пен бейқамдық танытқан ел тарихта жеңімпаз ұлт болмайтыны анық». Жеңімпаз ұлттың, жасампаз ұлттың күші береке, бірлікте. Сондықтан осындай тарихи сәтте біз әрбір азаматты, тұтас қоғамды болашақ үшін, мемлекеттің өркендеуі үшін бірігуге, игі істерге тізе қосып атсалысуға шақырамыз.

Айбек Дәдебай, ҚР Құрылтайының төрағасы:

- Президент Жолдауы отандастарымыздың ерекше ықыласына ие болды. Барлық өңірде Мемлекет басшысының ел дамуына тың серпін беретін бастамалары қызу талқыланып жатыр. Айдос Әміроллаұлы жариялаған үндеу Құрылтайдағы барлық фракция депутаттарының ортақ ұстанымын білдіреді. Баршаңызда Президент бағдарын қолдап, елімізді жаңғыртуға бағытталған ауқымды жұмысқа бір кісідей атсалысуға шақырамыз.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?