Құрылтай бірқатар халықаралық келісімдерді ратификациялады

Құрылтай бірқатар халықаралық келісімдерді ратификациялады

Қазақстанға Ресейден мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу бойынша сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісім қайта жанданады. Құрылтай аталған құжаттың қолданылуын қайта бастау және оған өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялады. Оған сәйкес, екі мемлекеттің құзыретті органдары арасында ақпарат алмасу және мұнай өнімдерін бажсыз импорттау мүмкіндігі сақталады. Бұл келісім Қазақстанның ішкі нарығын авиациялық отын тәрізді мұнай өнімдерімен қамтамасыз етіп, биылдың өзінде шамамен 30 млрд теңге баж алымын үнемдейді.

Ерлан Ақкенженов, ҚР Энергетика министрі:

- Қазақстан үшін бұл келісім энергетикалық қауіпмсіздікті қамтамасыз ету және мұнай өнімдерінің ішкі нарығын тұрақты жұмыс істеу тұрғысынан маңызды. Келісім екі мемлекеттің іс қимылдарын үйлестіру үшін халықаралық құқықтық негізін қалыптастырады. Және мұнай өнімдерінің тапшылығы туындаған жағдайда қажетті шараларды қабылдауға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, Құрылтай Қазақстан мен Сербия арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялады. Оның аясында әскери мақсаттағы өнімді екі елдің бір-біріне жеткізуі көзделіп отыр. Оған әскери техникамен қатар, зияткерлік қызмет нәтижелері, сала бойынша ақпарат пен құжаттама жатады. Келісімді қабылддау Қазақстанның қорғаныс-өнеркәсіп кешенін одан әрі дамыту үшін қолайлы жағдай туғызады

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?