Республикалық кинолекторий Көкшетауға жетті

Республикалық кинолекторий Көкшетауға жетті

Президент телерадиокешенінің «Хроникадан болашаққа» республикалық кинолекторийі Көкшетау тұрғындарының назарына ұсынылды. Екі күнде көрермендерге тарих, табиғат және қазіргі Қазақстан туралы төрт деректі фильм ұсынылды. Кинолекторий тұран жолбарысының қайтып оралуы туралы «Жолбарыс» фильмімен ашылды. Одан кейін «Travel Kazakhstan» туындысы көрсетілді. Жоба еліміздің көрікті табиғаты туралы баяндайды. Сондай-ақ, «Құлалы аралындағы адам» және «ARAL» ленталарын көрсету жоспарланған. Көрермендер фильм авторларымен кездесіп, оларға сұрақтар қоя алады. Кинолекторий республиканың 20-ға жуық қаласын қамтыды. Жоба қыркүйек айына дейін жалғасады. Кинокеруен Алматыда мәресіне жетеді.


Нұргүл Нұрмышева, қала тұрғыны:


- Мен осы деректі фильмдерді түсірген шығармашылық топқа өте ризамын. Туынды өте жоғары деңгейде әзірленген, жолбарыстарды да жан-жақты көрсете алған, бұл өте қызықты. Сондықтан, менің ойымша, мұндай бастама өте маңызды және оны эстафета ретінде жалғастыру, осы бағыттағы ізденістерді дамыту керек.


Мадина Мүбәрәк, қала тұрғыны:

- Білетініміздей 1948 жылы Қазақстаннан соңғы Тұран жолбарысы жоғалған болатын. Осы жолбарыстардың тарихи мекені Іле-Балқаш аумағына қазіргі таңда Ресейдің Хабаровск өлкесінен әкелінген 4 Амур жолбарысы жіберілгелі отыр. Келіп жатқан жолбарыстар болашақта Қазақстандағы жолбаоыс популяциясының бастауы болады деп сенеміз. Қандай жағдай болса да бастысы Қазақстанда 78 жылдан кейін жолбарыс жорытып жүр. Оның өзі үлкен мақтаныш деп ойлаймын.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?