Қазақстанға шетелдік инвестиция ағынын арттыру. Бұл мәселе ел – Премьер-министрі өткізген Экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысында қаралды. Сарапшылар шетелдік инвестициялар тарту және жеке кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдай жасау тәсілдерін ұсынды. Сондай-ақ, жиында әлемдік нарықтардағы қазіргі ахуал талқыланып, Қазақстанның өнеркәсіптік саясатын жетілдіру жөніндегі бастамалар сөз болды. Өңірлердің өнеркәсіптік мамандануын дамытуға, экспорттық әлеуетті кеңейтуге, стратегиялық инвесторларды тартуға назар аударылды. Премьер-министр жауапты мемлекеттік органдарға айтылған ұсыныстарға талдау жүргізуді тапсырды.

