Президент Телерадиокешенінің
30 жылдығына арналған «Хроникадан болашаққа» кинолекториясы
қазақстандықтарды деректі фильмдерімен таныстыруды жалғастыруда. Бұл жолы жоба
ұйымдастырушылары Павлодарда екі күндік көрсетілім өткізді. Қала тұрғындарына
«Travel Kazakhstan» және «Серт» картиналары ұсынылды. Бірінші фильм еліміздің
туристік әлеуеті, өңірлердің табиғи және мәдени байлығы туралы баяндайды.
Екіншісі - екі жыл бұрынғы су тасқыны кезіндегі қазақстандықтардың бірлігі мен
өзара көмегіне, сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша апаттан кейін
жүргізілген қалпына келтіру жұмыстарына арналған.
Эльмира Ишмухаметова, ҚР Президенті Телерадиокешенінің Деректі кино орталығының аға редакторы:
- Біздің негізгі миссиямыз - Қазақстанда
болып жатқан басты оқиғаларды баяндайтын біздің деректі фильмдерімізді
көпшілікке көрсету және Қазақстанның жаңа тарихының жылнамасын жүргізу
жөніндегі Президент телерадиокешенінің жұмысын жалғастырудамыз.

