Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай депутаттарын тіркеді

Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай депутаттарын тіркеді

Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші шақырылымына сайланған 145 депутатты тіркеді. «Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесi туралы» Конституциялық заңның 44-бабына сәйкес, осы сәттен бастап олардың өкілеттіктері басталды. Айта кетейік, тізімді сайлауда бес пайыздық межені еңсере алған 5 саяси партия ұсынды. Осыған байланысты «Әділет» партиясынан - 110, «Ауыл» партиясынан - 10, «Respublica» партиясынан – 9, Жалпыұлттық социал-демократиялық және «Ақ жол» партияларының әрбірінен 8 депутаттан тіркелді. Еліміздің орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров депутаттық мандат - ол халықтың сенімі мен таңдауының нәтижесі екенін және үлкен жауапкершілік жүктейтінін атап өтті. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?