Астанада С5 + 1 SI конференциясында сарапшылар Орталық Азиядағы жасанды интеллектіні дамытудың бірлескен тетіктерін талқылауда. Өңір елдері мен АҚШ-тың дербес деректерді қорғау және цифрлық саланы реттеу тәсілдеріне бағытталған жаңа жобаларына басымдық беріледі. Құрама Штаттар Орталық Азияның киберқауіпсіздігі мен цифрлық қаржы секторын дамытуға 5 миллион доллар бөлмек. Қаражат инфрақұрылымды қорғауға және дата-орталықтарын құруға бағытталады. Американдық тарап өңірдің басқа да тиімді цифрлық стартаптарын қолдауға дайын.
Марк Кэмерон, АҚШ Мемлекеттік хатшысының Орталық Азия жөніндегі орынбасарының көмекшісі:
- Біз бұл қолдауды грант түрінде ұсынамыз, өйткені осы бағытта жеке компаниялар жетекші рөл атқаруы тиіс деп санаймыз. Америка Құрама Штаттары Орталық Азиямен серіктестіктің болашағына үлкен сеніммен қарайды. Біз жеке компаниялар көмегімен электрондық үкіметті дамытуға ықпал ететін бастамаларды іске асыруға ниеттіміз. Өзге де бірқатар әріптестік бағыттары бар деп ойлаймын.
Бахтияр Мұхаметқалиев, ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі:
- Былтыр Ақ үйде «С5 + 1» форматындағы бірінші саммит өтті, ол біздің ынтымақтастығымызды жаңа деңгейге көтерді. Біздің ендігі мақсатымыз өзара күш біріктіріп, Орталық Азияның әлемдік технологиялық нарықтағы орнын нығайту. Ол үшін бізге тығыз әріптестік керек. Инфрақұрылымды, таланттарымызды, жобаларымыз бен деректерімізді біріктіру қажет. Ең бастысы - біздің кездесулеріміз нақты нәтиже әкелуі тиіс. Қазақстан бұл жұмысқа дайын.

