Ресей
мен Қазақстанның Омбыдағы XXII өңіраралық ынтымақтастық форумы аясында жалпы құны 833
млн доллар болатын келісімдерге
қол қойылды. Ауқымды шара еліміздің 8 облысы мен көрші мемлекеттің 17 өңірінің
өкілдерін біріктірді. Форум алаңдарында іскерлік кездесулер, салалық отырыстар мен
көрме өтіп, қатысушылар ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын
талқылады. Олардың қатарында - су логистикасы да бар.
Қазақстан мен Ресей өзен жүк тасымалын іске асыру
үшін жұмыс тобын құруға ниетті және Ертістің маңызды тасымал бағыты ретіндегі
рөлін қайта жаңғырту жоспарланып отыр.
Айдос
Шайхислам, Павлодар облысы кәсіпкерлер палатасы директорының міндетін атқарушы:
-
Негізгі мәселе Ертіс өзені бойынша жұмыс тобын
құру болды. Үш мемлекет - Ресей, Қытай, Қазақстан бірге шешетін мәселелер бар.
Бұл іске асырылып жатқан жоба. 2024 жылы жол картасы қабылданған, Үкіметтің
қолдауы қажет. Қазір өзеннің арнасын тереңдету бойынша келіссөз жүргізілуде.
Владимир
Витченко, СҚО бойынша туристік қауымдастық төрағасы:
- Екі меморандумға қол қойылды және бұл меморандумдар тікелей практикалық мәнге ие. Біреуі - Омбы облысына, екіншісі - Түмен облысына бағытталған. Әрине, біздің мақсатымыз - Ресей өңірлерінен туристерді көбірек тарту.
Қазақстан
Омбы облысының негізгі сауда серіктестерінің бірі.
Жыл басынан бері тауар айналымы 18% -ға ұлғайып, 136,5 миллион долларға жетті.
Біздің елден экспорт 33 миллион долларға дейін, ал Омбы облысынан келетін алыс-беріс -
13%-ға өсті. Форумға қатысушылар басты міндет - оң динамиканы сақтап,
ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын дамыту екенін атап өтті.

