Мажарстан делегациясы іскерлік байланысты дамыту үшін Шымкентке келді

Мажарстан делегациясы іскерлік байланысты дамыту үшін Шымкентке келді

Шымкент пен Мажарстанның Дебрецені  бауырлас қала болуды көздеп отыр. Жаңа мәртебе сауда-эконимикалық, инвестициялық, мәдени және гуманитарлық салалрдағы ынтмақтастықты кеңейтуге мүмкіндік береді. Серіктестіктің болашағы мен муниципалитеттер арасындағы байланыстың дамуы Дебрецен мэрі Ласло Папп бастаған венгр делегациясының сапары барысында талқыланды. Бизнес-форумда екі қаланың өкілдері бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндіктерін қарастырды. Кәсіпкерлер В2В кездесулерін өткізіп, жаңа іскерлік байланыстарды, соның ішінде туризм саласын талқылады. Сапар аясында қонақтар қалалық Дендросаябақта ағаш отырғызды. Бұл көшеттер қалалар достығының және тараптардың ұзақ мерзімді байланысты нығайту ұмтылысының нышаны болмақ.  

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?