29 қарашада өтетін Қазақстан мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауына 10 971 кандидат тіркелді. Оның 1 219-ы партиялық тізім бойынша, ал 9 752-сі бірмандатты округтерден ұсынылған. Тіркелген кандидаттардың 43 пайыздан астамын әйелдер мен жастар құрайды. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының екінші отырысында мәлім болды. Сондай-ақ сайлау бюллетенінде көрсетілетін жеті саяси партияның орналасу реті жеребе арқылы анықталды. Қазір сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары жалғасуда. Ол 1 қараша күні сағат 18:00 -ден кейін басталып, 28 қараша түн ортасында аяқталады. Ал 28-қараша - тыныштық күні.
Ләззат Сүйіндік , ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі:
- Сайлау күні және оның алдындағы күні кез келген сайлау алдындағы үгітті жүргізуге тыйым салынатынын тағы да еске салғым келеді. Бұған дейін ілінген үгіттік баспа материалдары бұрынға орындарында сақталуы мүмкін. Интернет желісінде орналастырылған үгіт материалдары да бұрынғы орындарында сақталады. Алайда, оларды интернет ресурстардың басты бетьтеріне шығаруға жол берілмейді. Дауыс беруге дейінгі бес күн ішінде және дауыс беру күні бұқаралық ақпарат құралдарында және онлайн платформаларда қоғамдық пікірге сауал салу нәтижелерін, сайлау нәтижелернінің болжамджарын, сайлауға байланысты өзгеде зерттеулерді , сондай-ақ саяси партияларды қолдауға арналған дауыс беру нәтижелерін жариялауға жол берілмейді.
Орталық сайлау комиссиясының отырысында сайлау бюллетеньдерінің үлгілері де таныстырылды. Олар түрлі түсте болады. Әр бюллетеньде «Барлығына қарсымын» деген арнайы баған қарастырылған. Сайлаушыларға қолайлы жағдай жасау үшін екі цифрлық сервис іске қосылды. Бірінші жүйе азаматтарға тұрақты тіркеу мекенжайын тексеруге және жазбаша өтініш негізінде сайлаушылар тізіміне енгізілуге мүмкіндік береді. Бұл қызмет бес мыңнан астам сайлау учаскесінде қолжетімді. Ал екіншісі тұрақты тіркеуі жоқ азаматтарға арналған. Оның көмегімен олар дауыс беру күнінде уақытша тіркеуге тұра алады. Екі цифрлық сервис те жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі және Ішкі істер министрлігімен бірге әзірленген.

