Әл-Фараби мұрасы халықаралық симпозиумда талқыланды

Әл-Фараби мұрасы халықаралық симпозиумда талқыланды

Әл-Фарабидің мұрасын дәріптеуге арналған халықаралық симпозиумда еліміздің және шетелдің 150-ден астам ғалымдары мен сарапшылары бас қосты. Жиынға Вице-Президент Ерлан Қарин қатысты. Ол Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын оқып берді. Мемлекет басшысы ұлы ойшылдың озық идеяларын терең зерделеп, өскелең ұрпақ арасында кеңінен насихаттаудың маңызды екенін атап өтті.

Ерлан Қарин, Қазақстан Республикасының Вице-Президенті:

– Адамзатқа ортақ мызғымас құндылықтарды кеңінен дәріптеп, соңына теңдессіз мұра қалдырды. Әл-Фарабидің парасатты адам және қайырымды қоғам туралы тұжырымдары ешқашан өзектілігін жоғалтпайды. Мұның бәрі ұлттық болмысымыздың ажырамас бөлігіне айналған «Таза Қазақстан», «Адал азамат» идеяларымен үндеседі.

Халықаралық симпозиум аясында Ерлан Қарин Ислам әлемінің білім, ғылым және мәдениет ұйымының бас директоры Салим Әл-Маликпен кездесті. Вице-Президент әл-Фараби мұрасын халықаралық деңгейде насихаттауға қолдау көрсеткені үшін ИСЕСКО бас директорына Мемлекет басшысының алғысын жеткізді. Тараптар 2027 жылы Ислам әлемінің мәдени астанасы атанатын Түркістанда бірлескен мәдени іс-шаралар өткізуге дайындық мәселесін талқылады. Ерлан Қарин ИСЕСКО ұйымымен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі аясындағы ынтымақтастықтың басым бағыттарын айқындады. Олардың қатарында Мемлекет басшысының Жаһандық бейбітшілік қозғалысын құру жөніндегі бастамасын ілгерілету мәселесі бар. Сонымен қатар Қазақстанның он жаңа номинациясын Ислам әлемі мұрасы тізіміне енгізу ісі пысықталды.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?