Қазақстанның Маңғыстау өңірі халықаралық киножобаның алаңына айналды. Бозжыра тау шатқалында әлемге әйгілі актер Джеки Чанның «Доспехи Бога 4: Ультиматум» фильмінің түсірілімі басталды. Бұл отандық киноиндустрия үшін аса маңызды оқиға саналады. Сарапшылардың пікірінше, Қазақстанның бірегей табиғи және тарихи нысандарының халықаралық кинода көрсетілуі әлем бойынша миллиондаған көрерменнің назарын аударып, елде креативті индустрияның, туризмнің және өңірлердің дамуына ықпал етеді. Сондай-ақ, Қазақстанның жаһандық имиджін нығайтады. Бұл ретте фильмнің режиссері - қазақстандық Роберт Кун екенін айта кеткен жөн.Түсірілім биыл аяқталады, ал келесі жылы халықаралық прокатқа шығады деп жоспарланған. #Бозжыра #Маңғыстау #Доспехи Бога Веб-редактор: Нұрбек Балгүл Қайрошқызы 1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба? Иә Жоқ Күнделікті қолданамын Спасибо за участие! Сондай-ақ Қазақстандық пианист ел әнұранын Италияда әуелетті 10 тамыз Қазақстанда Абай күні тойланады Астанадағы әскери музейде сурет көрмесі ашылды Астанада «БҰҰ-80: фильтрсіз» атты фотокөрме ашылды Қазақстанның Ұлттық музейінде Гиннестің рекордтар кітабына енген «Әлем бейнесі» арт-жобасы ұсынылды «Turan» этно-фольклорлық ансамблі 15 жылдық мерейтойын әлемдік турнемен атап өтпек