Jibek Joly телеарнасында партиялардың алғашқы командалық теледебаты өтті

Jibek Joly телеарнасында партиялардың алғашқы командалық теледебаты өтті

Қазақстанда Құрылтайға сайлау алдындағы алғашқы командалық теледебат өтті. Jibek Joly телеарнасының тікелей эфирінде 7 саяси партияның өкілдері беттесті. Әрқайсысынан 2 спикер ортаға шықты. Пікірталас тақырыбы әділетті қоғамның басты тұғырнамасы «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру болды. Теледебат төрт кезеңнен тұрды. Қатысушылар өз бастамаларын ұсынып, қарсыластарымен ашық пікірталасқа түсті, әрі журналистердің, көрермендердің және бір-бірінің сұрақтарына жауап берді. Теледебат соңында партия өкілдері мандат алған жағдайда орындауға сөз берген жоспарларын жариялады. Теледебат аясында онлайн сауалнама жүргізілді. Оған 165 мыңнан астам адам қатысты. Саясаттанушылар пікірталас барысын, қатысушылардың дайындығын және олардың ең өзекті тақырыптарды талқылауға деген ұмтылысын жоғары бағалады. Сарапшылардың пікірінше, мұндай формат партиялардың сайлаушылар алдындағы жауапкершілігін арттырады.


Нұрдаулет Затилла, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ Саяси зерттеулер бөлімінің жетекші сарапшысы:


– Олар азаматтардың сеніміне ие болуға тырысты. Біз осы тұрғыдан алғанда, өте қызықты әрі ұтымды әдіс түрін көрдік.  Бейтарап азаматтарды өз жақтарына тарту үшін қарсыласпен қызықты пікірталас өткізді.  Саяси партиялар «Заң мен тәртіп» қағидатының қалада, ауылда, өңірде немесе елордада болсын барлық жерде бірдей деңгейде жұмыс істеуі керектігін дәлелдеуге тырысты.


Ақсұлу Арзықұлова, PR мамандары клубының вице-президенті:


– Қызықты командалық формат өте жақсы динамика береді. Екі адам жұп болып сөз сөйлеген кезде команданың, партияның ауызбіршілігі, ортақ идеясы мен миссиясы бар екенін бірден аңғаруға болады.  Формат өте динамикалық болды.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?