Ұтымды да ұшқыр ойын иесі: үш ұпайлық мергендік, қарсыласты қапы қалдырар - сабырлық. «Road to Gold» жобасы «Астана» баскетбол клубының арқасүйер ойыншысы Илья Пестовқа арналады. Ол - шетелдік айтулы қарсыластарын қорғаныс тактикасын өзгертуге мәжбүрлеп, еуропалық скауттар назарына ілінген спортшы. Жаңа шығарылымда жас өреннен команда көшбасшысына дейінгі өсу жолын көріңіздер.

