Халықаралық сарапшылар Құрылтай сайлауы жөнінде

Халықаралық сарапшылар Құрылтай сайлауы жөнінде

Бүгін Қазақстанда өтіп жатқан алғашқы Құрылтай сайлауы елде қолға алынған ауқымды реформалар жолындағы маңызды қадамдардың бірі. Вашингтондық сарапшылардың пікірінше, Қазақстанның қос палаталы жүйеден бір палаталы жүйеге көшу үдерісі халықаралық қоғамдастықтың ерекше қызығушылығын тудырып отыр. Атлантикалық кеңестің Еуразия орталығы директорының орынбасары Эндрю Д’Аньеридің айтуынша, заң шығарушы биліктің жаңа моделі елдегі шешім қабылдау үдерісін жедел әрі жүйелі етуге, азаматтардың мүдделерін барынша ескеруге және жаңа Парламент жұмысының ашықтығын арттыруға мүмкіндік береді.

Эндрю Д’аньери, Еуразиялық Атлантикалық Кеңес орталығы директорының орынбасары:

  -  Екі палаталы Парламенттен бір палаталы Парламентке көшу Қазақстандағы мемлекеттік органдардың жұмысын әлдеқайда тиімдірек ете түседі деп ойлаймын. Сондай-ақ халықаралық байқаушылар жаңа конституциялық өзгерістер аясында қарастырылған вице-президент лауазымына үлкен қызығушылық танытып отыр. Қос палаталы жүйеден бір палаталы жүйеге көшудің ең маңызды тұсы – жаңа өзгерістер мен реформалардың ел азаматтарының мүддесін барынша ескеретін әрі олардың талап-тілегін толыққанды білдіретін мемлекеттік жүйе мен заң шығарушы орган құруға мүмкіндік беруі.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?