Өңдеу өнеркәсібі Қазақстан экономикасының өсуін жеделдетті

Өңдеу өнеркәсібі Қазақстан экономикасының өсуін жеделдетті

Қазақстан экономикасы биыл жеті айда 4%-дан астамға өсті. Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, негізгі өсім драйвері – шикізаттық емес салаларда тіркелген. Бұл ретте өңдеу өнеркәсібі көш бастап тұр. Мұнда өндіріс көлемі 9% жуық артқан. Жоғары өсім қарқынын фармацевтика, металл бұйымдарын өндіру, химия өнеркәсібі және машина жасау салалары да көрсетіп отыр. Құрылыс, көлік және сауда-саттықта да  даму қарқыны сақталуда. Бұл бағыттардағы өсім тиісінше 15, 7 және 6% құрады. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы 5%, ал байланыс саласы 4% астамға өскені байқалады.

 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?