Депутаттар Құрылтай регламентін қабылдады

Депутаттар Құрылтай регламентін қабылдады

Қазақстанда заң жобаларын қараудың 3 кезеңді моделі белгіленді. Депутаттар Құрылтай регламентін қабылдады. Оған сәйкес, енді бірінші оқылымда заң жобасының  мақсаты, ережелері мен міндеттері талқыланады. Ал екіншісінде енгізілген түзетулер қаралады. Соңғы кезеңде оның түпкілікті редакциясының Конституцияға сәйкестігі мен құқықтық олқылықтар талданып, қабылданады. Бұл ретте айта кетерлік жайт халықаралық шарттарды ратификациялау екі оқылымда қаралады. Құрылтайға алғашқы заң жобасы келіп түсті. Депутаттар алдағы үш жылға арналған республикалық бюджетті талқылайды.

Снежанна Имашева, ҚР Құрылтайының депутаты:

- Регламенттің маңызды бөлігі Құрылтайдың Конституциялық Сотпен, Үкіметпен және Қазақстан Халық Кеңесімен өзара іс-қимылына арналған. Оның ішінде Конституцияда және заңдарда көзделген мәселелерді қарау рәсімдері белгіленеді. Құрылтайдың құзыретіне жататын аса маңызды мәселелер бойынша тыңдау өткізу көзделген. Парламенттік бақылаудың аса маңызды тетіктерінің бірі – Үкімет сағаты. Оның аясында депутаттар Үкімет өкілінің баяндамасын тыңдайды. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?