Data Center Valley жобасының алғашқы нысаны 2027 жылы іске қосылады

Data Center Valley жобасының алғашқы нысаны 2027 жылы іске қосылады

Қазақстанда Data Center Valley жобасының қуаты 50 МВт болатын бірінші нысанының құрылысы қарқын алды. Премьер-министр Олжас Бектенов құрылыс барысын жүзеге асыру туралы жиын өткізді. Энергия орталықтары мен AI-фабрикаларының қазаншұңқырларын әзірлеу жұмыстары толығымен аяқталып, іргетасын қалау басталды. Дата-орталықтың негізгі корпустары мен инженерлік желілердің құрылысын жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған, ал жобаны іске қосу 2027 жылдың маусымына жоспарланған. Сонымен қатар, кеңесте Cloud First Policy жобасын дайындау мәселесі қаралды. Ол шет мемлекеттер деректерінің толық қауіпсіздігі мен дербестігін қамтамасыз етіп, оларды Қазақстанда орналастыру мүмкіндігін көздейді. Жоба цифрлық қызметтер мен есептеу қуаттарының әлемдік нарығындағы еліміздің орнын күшейтеді. Data Center Valley кезең-кезеңімен дамиды, кешеннің жалпы қуаты 1 ГВт-қа жетеді деп жоспарланған. Мұнда деректерді өңдеу орталықтарын, AI-фабрикаларды, GPU-кластерлерді және халықаралық компаниялардың бұлтты платформалары орналаспақ. Цифрлық экожүйе Firebird AI және NVIDIA-мен бірлесіп жасалады.


Бағдат Мусин, «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы:


- Келесі жылдың басынан құрал жабдықтарды орнату басталады. Және паралельді түрде 116 мегаваттық ЦОД-ты құрастыруды бастаудамыз. Қазір дизайн пректті бекіту сатысындамыз. Және де Қосшы қаласында тағы да бір судай жаңа дата центрді іске қосуға дайындалып жатырмыз. Басты мақсатымыз келесі жылдың тамыз айына дейін, барлық жұмыстарды бітіріп, осы дата центрлер алқабының бірінші кезеңін елімізге, дүниежүзіне танытып, оны тиісті деңгейде жұмысын атқаруды бастау.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?