Жасанды интеллект, цифрландыру және ғылымды дамыту білім беру жүйесін өзгертуде. Бұл бағыттар Президент Жолдауында да басымдық ретінде белгіленген. Бүгінде оқу үдерісіне заманауи технологияларды енгізумен қатар, ғылыми зерттеулерді дамыту және жаңа буын мамандарын даярлау маңызды. Бұл өзгерістерде педагогикалық жоғары оқу орындарының рөлі ерекше. Себебі болашақ ұстаздар дәл осы оқу орындарында даярланады. Ал мектептегі білім сапасы тікелей мұғалімнің кәсіби біліктілігіне байланысты. Сондықтан қазіргі білім беру жүйесіне әр баланың қабілетін ашып, жеке ерекшеліктерін ескере алатын педагогтер қажет.
Болат Тілепов, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры:
- Перезидент елімізде инклюзивті білім беру бағытына үлкен назар аударды. Көріп отырсыздар екі-үш жылда бұл бағытта осындай қыметке зәру ұрпақ өсіп келеді. Бұл мемлекет алдында, біз сияқты білім беру мекемелердің алдында үлкен міндет қояды. Яғни, осы балаларға лайықты сапалы білім беру мәселесі.

