Бюрсельде Берлин Еуразиялық клубының 47 – отырысы өтті

Бюрсельде Берлин Еуразиялық клубының 47 – отырысы өтті

Қазақстан Еуропа мен Азияны жалғайтын бағыттардағы өз позициясын нығайтуда. Елдің географиялық орналасуы оны халықаралық логистиканың маңызды буынына айналдырады. Брюссельде өткен Берлин Еуразиялық клубының 47-ші отырысында еліміздің, сондай-ақ Еуроодақ пен Германияның өкілдері бірлескен жобаларды және көлік инфрақұрылымын жаңғыртуды қарастырды. Орта дәлізге ерекше назар аударылды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Германияға жасаған сапары аясында қол жеткізілген уағдаластықтар аса нәтижелі болды. Тараптар 8 млрд долларға 40 келісімге қол қойды.

Михаэль Хармс, Неміс экономикасы шығыс комитетінің атқарушы директоры:

- Біз осы келісімдердің нақты жүзеге асыру кезеңіне өткеніне қуаныштымыз. Осыған бағытталған неміс инвестициялары бар, неміс фирмаларының бұл көлік бағытын пайдалануға қызығушылығы жоғары. Ең бастысы – ол тек Қытай мен Еуроодақ арасындағы бағыт қана емес, бұл дәліз Еуроодақ үшін барған сайын маңызы артып келе жатқан логистикалық көпір.

Еуроодақ Орта дәлізді дамытуға 12 миллиард еуро бөлді. Бизнес үшін инвестиция ғана емес, жеткізу мерзімі де маңызды. Алдағы міндет - Азиядан Еуропаға дейін жүктердің жылдам әрі болжамды қозғалысын қамтамасыз ету.

Дамир Қожахметов, ҚР Көлік вице-министрі:

- Қазірдің өзінде жеткізу мерзімі 13 күннен 17 күнге дейін алады. Біз, әрине, өз қызметімізді одан әрі жақсартуға тырысамыз, жеткізу мерзімін 10-12 күнге дейін қысқартуды көздеп отырмыз. Өз тарапымыздан міндеттемелерімізді үздіксіз орындап келеміз, яғни, бізге Алтынкөлден Ақтауға дейін, Ақтаудан Бакуге дейін жеткізу мерзімі бекітілген, осының бәрі сақталады.

Орта дәлiз тек көлiк бағытына ғана емес, жаңа инвестициялар мен бiрлескен өндiрiстер алаңына да айналады. Жоспарда - порт инфрақұрылымын одан әрі жетілдіру, терминалдар мен логистикалық орталықтар салу көзделген. Мұндай жобалар еуропалық компаниялары үшін қазақстандық нарыққа жол ашады.

Мирко Новак, Федералдық логистика қауымдастығы еуразиялық бөлімшесінің директоры:

– Қазақстан Орта дәлізбен жүк тасымалы, оны дамыту бағытында негізгі рөл атқарады. Бірақ бізді Орта дәліз аясындағы логистикалық жобалар ғана емес, оның инфрақұрлымына тікелей инвестициялау мүмкіндігі де қызықтырады. Біз КонстАнц, Поти порттарын және Бакудегі нысандарды талдаудан бастадық, ал енді Қазақстандағы Ақтау мен Құрық порттарының әлеуетін бағамдауға кірістік. Біздің кәсіпкерлерді осы дәліз бойындағы жаңа терминалдар мен контейнерлік хабтар салу мүмкіндігі қызықтырады.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?