2026 жылы Қазақстанға Бельгия Королі мен Королевасының тарихтағы алғашқы мемлекеттік сапары күтіледі. Осы кезеңде екі ел арасындағы байланыс бизнес, сауда, логистика және білім беру салаларында жаңа қарқын алып келеді. Life of a Diplomat бағдарламасының жаңа шығарылымының қонағы - Бельгияның Алматыдағы құрметті консулы Денис Ван ден Вейх. Сұхбатта Қазақстанның бельгиялық компаниялар үшін несімен тартымды екені, Антверпен порттарының тәжірибесі Каспийдегі инфрақұрылымды дамытуға қалай көмектесе алатыны, Орта дәліздің мүмкіндіктері және оның Алматыны неге «Орталық Азияның Нью-Йоркі» деп атайтыны туралы айттық.

