Қазақстанның шикізаттық емес экспорты 20% артты

Қазақстанның шикізаттық емес экспорты 20% артты

Қазақстан шикізаттық емес экспортын арттыруда: жыл басынан бері оның көлемі 20%-ға өсіп, 18,5 млрд доллардан асты. Жалпы экспорттағы дайын өнімнің үлесі қазірдің өзінде 36%-дан асқан. Ең үлкен өсуім машина жасау, металлургия, химия өнеркәсібі мен азық-түлік тауарларын жеткізу салаларына тиесілі. Шикізаттық емес өнімнің басты импорттаушысы - Қытай. Одан кейінгі орындарда - Ресей, Түркия, Өзбекстан және Қырғызстан. Еліміз осы қарқынды қосымша құны жоғары дайын өнімдер мен тауарлар жеткізуді ұлғайту есебінен сақтап қалуға ниетті. Соңғы бес жылда олардың көлемі шамамен 2 жарым есе өсті.


Айдар Әбілдабеков, ҚР Сауда және интеграция вице-министрі:


– Өңдеуді тереңдету жөніндегі жұмыс аясында алдағы кезеңде экспорта баса назар аудару жоспарланған дайын өнімнің 70 басым туарлардың тізбесі қалыптастырылған. Бұл туарлардың ішінде металлургия, химия және тынайтқыш, мұнай-химия және полимерлер, құрылыс материалдары, элетктротехника өнімі, сондай-ақ, астық және майлы-дақылдардан  өнделген өнімдер қамтылған.


Сыртқы нарыққа шығатын компанияларға қолдау кеңейтілуде. Маркетинг, сертификаттау және тауарларды жеткізу шығындарының бір бөлігі өтеледі. Бұған былтыр 6 млрд теңге бағытталды. Сондай-ақ, экспорттық-кредиттік агенттік желісі бойынша экспорттық операцияларды қолдау көлемі 653 млрд теңгеге жетті. Қаражаттың басым бөлігі металлургия мен тамақ өнеркәсібіне жұмсалды. Тағы бір жаңашылдық - көмек нақты нысанға бағытталады. Биыл экспорттық акселерация бағдарламасына 125 кәсіпорын кірді. Әрқайсысы үшін жеке стратегия әзірледі, сондай-ақ Қытай, Ресей, Ауғанстан, Таиланд, Нидерланды, Моңғолия және Солтүстік Македонияға сауда-экономикалық миссиялар ұйымдастырды.


Айдар Әбілдабеков, ҚР Сауда және интеграция вице-министрі:


- Министрлік тарапынан биыл 15 сауда-экономикалық миссия жоспарланған. Оның ішінде, әр елдерде орналасқан шетелдік мекемелер, дипломатиялық өкілдіктер бар. Егер бізде өндірілетін қандай да бір өнімге қызығушылық танытқан шетелдік бизнес анықталса, біз мүмкіндіктерімізді зерделейміз. Біздің өнім қамтыған географиялық аумақты кеңейтуге мүдделіміз, сауда өкілдерімізді көбейтеміз.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?