Қазақстанның гендерлік теңдік саласындағы реформалары ЕҚЫҰ алаңында таныстырылды

Қазақстанның гендерлік теңдік саласындағы реформалары ЕҚЫҰ алаңында таныстырылды

Еуропағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Қазақстанда әйелдердің құқығын қорғау бойынша атқарылып жатқан ілкімді істерді қолдайды. Ұйымның Варшавада өткен конференциясында делегаттар гендерлік теңдік мәселелесін талқылады. Отандық сарапшылар басқосуда елдің осы бағыттағы реформаларының нәтижелерін таныстырды. Бүгінде Қазақстан гендерлік теңдік бойынша Орталық Азияда көш бастап тұр. Қазір елдегі судьялардың, сондай-ақ мемлекеттік қызметкерлердің 50% астамын бұрымдылар құрайды. Қазақстанда екі жыл бұрын тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресуге бағытталған заң қабылданды. Қазір бұндай қылмыстардың алдын алуға, оның құрбандарын қолдау мен қорғауға бағытталған тағы екі заң жобасы әзірленді. Қазақстан халықаралық гендерлік саясат аясындағы міндеттемелерін орындау бойынша ауқымды жұмыс атқарып келеді. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 1325-резолюциясын іске асыру жөніндегі Ұлттық іс-қимыл жоспары жаңартылды.

Карина Вегжиновская, Варшавадағы Еуропа кеңесі кеңсесінің басшысы:

- Еуропа Кеңесінің Ыстанбұл конвенциясы – отбасылық зорлық-зомбылықтың және зорлық-зомбылықтың кез келген түрінің алдын алуға, онымен күресуге бағытталған халықаралық деңгейде заңдық күші бар ең ауқымды құжат. Қазақстанның осы конвенцияға қосылатынына  қуаныштымыз. Себебі, бұл – елдеріңіздегі теңдікті қамтамасыз ету жолындағы маңызды қадам деп санаймыз.  

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?