Қазақстанда Құрылтай сайлауындағы дауыс беру нәтижелерін
алдын ала есептеу бойынша үш экзитполдың нәтижелері жарияланды. Сауалнамаларды
Еуразиялық интеграция институты, «Социс-А» кешенді әлеуметтік зерттеулер
институты және Қоғамдық саясат институты жүргізді. Экзитполдар сайлау
учаскелерінен дауыс беріп шыққан азаматтармен сұхбат форматында стандартты
халықаралық әдістеме бойынша өткізілді. Үш экзитпол да сайлаудың ұқсас
нәтижелерін көрсетіп отыр. Осылайша, респонденттердің 70%-дан астамы «Әділет»
партиясына дауыс бергенін, ал бес пайыздық межені «Ауыл», Respublica, «Ақ жол»
партиялары және Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы еңсерген. Осылайша,
сайлаушылар сауалнамасының негізінде жасалған үш тәуелсіз экзитполдың алдын ала
нәтижесі бойынша, бір палаталы парламентке жеті саяси партияның бесеуі кірген.

