Қазақстандық жобаларға араб капиталы қызығушылық танытып
отыр. Abu Dhabi Commercial Bank Kazakhstan алдағы бір жарым жылда қазақстандық
жобаларды қаржыландыру көлемін қазіргі 2,5 трлн теңгеден 3 есеге ұлғайту туралы
мәлімдеді. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектеновпен кездесуде банктің
директорлар кеңесінің төрағасы Фарух Аль Марзуки мәлімдеді. Басым салалар
ретінде - энергетика, теміржол инфрақұрылымы, мұнай-химия, логистика жобалары
қарастырылады. Айта кетейік, 15 жыл ішінде Abu Dhabi Commercial Bank Kazakhstan
100-ден астам бизнес бастаманы қаржыландырды. Кездесу барысында ауқымды
экономикалық және институционалдық реформалар нәтижесінде шетелдік капитал үшін
Қазақстанның тартымдылығы арта түскені атап өтілді.

