Қазақстандықтардың 87% жуығы Президентке сенім білдіреді. Бір жыл ішінде бұл көрсеткіш 3 пайызға өскен. Мұны Қазақстандық қоғамдық даму институты жүргізген сауалнама нәтижелері көрсетіп отыр. Талдауға сай, ел азаматтарының шамамен 66% Мемлекет басшысының бастамаларын тұрақты түрде бақылап отырады. Бұл ретте, ең көп қолдау тапқандары – бір палаталы Құрылтайға көшу, 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялау, сондай-ақ «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы қаражатын тұрғын үй мен білім алуға пайдалану бастамалары. Қоғамда елдің технологиялық дамуы, атом энергетикасы, білім және ғылым салаларындағы бастамаларға да қызығушылық жоғары. Сондай-ақ «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы жобаларға ерекше мән берілген. Жалпы, зерттеу нәтижелері қазақстандықтардың мемлекеттік институттарға деген сенімі тұрақты екенін және елдегі ахуалды оң бағалайтынын көрсетеді.

