Қазақстандықтар Tech Orda бағдарламасы арқылы IT мамандығын игере алады

Қазақстандықтар Tech Orda бағдарламасы арқылы IT мамандығын игере алады

18-45 жас аралығындағы қазақстандықтар Tech Orda бағдарламасы аясында сұранысқа ие IT мамандығын игеріп, цифрлық біліктілікке қол жеткізе алады. Astana Hub бағдарламаның мерейтойлық бесінші легіне өтінімдер қабылдау бастады. Биыл бүкіл ел бойынша орналасқан аккредиттелген IT-мектептерде оқуға 3 мыңға жуық ваучер ұсынылған. Қатысушыларға бағдарламалау мен Data Science-тен AI-ге, Full-Stack-әзірлемелер мен Product Management-ке дейінгі бағыттарды қамтыған 200-ге тарта курс қолжетімді. Оқу онлайн, офлайн немесе гибридтік форматта өтеді. Ваучердің құны - күндізгі курстар үшін - 500 мың теңгеге, ал онлайн және гибридтік бағдарламалар үшін - 400 мың теңгеге дейін жетеді. Айта кетейік, 2022 жылдан бері Tech Orda аясында 12,5 мыңнан астам қазақстандық білім алды. Түлектердің 90%-ы жұмысқа орналасты, ал 3 мыңнан астам қатысушы мамандықтарын ауыстырып, ІТ саласындағы мансабын бастаған. Бағдарламаға өтінім 7 қыркүйекке дейін Astana Hub порталы немесе мобильді қосымшасы арқылы қабылданады.


Жұлдыз Жұмадилова, Astana Hub қаржыландыру бағдарламалары кеңсесінің директоры:

 – Мектептерге қойылатын бірқатар талап бар. Яғни, бұл мектеп Astana Hub резиденті және оның бұндай курстарды оқыту тәжірибесі болуы керек. Сондай-ақ, оқу бағдарламаларына да талаптар қойылады, Мектептерді іріктейтін құзыретті комиссия жұмыс істейді. Ол мектеп ұсынған бағдарламаның мазмұнына, оның қаншалықты өзекті екеніне және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы соңғы талаптарға сәйкестігіне қарай бағалау жүргізеді. Осылайша, мектептер бірнеше негізгі критерий бойынша іріктеледі.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?