Қазақстандық семсерлесу құрамасының тарихи жеңісі

Қазақстандық семсерлесу құрамасының тарихи жеңісі

Шпагамен семсерлесуден Қазақстан ерлер құрамасы тарихта алғаш рет әлем чемпионы атанды. Оларды Президент Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтады. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Айбек Смадияров хабарлады. Президент алтын медальдар - команданың жоғары шеберлігінің, жігері мен тұтастығының айғағы екенін атап өтті. Ол сондай-ақ спортшылар мен жаттықтырушылар штабына еліміздің халықаралық аренадағы беделін нығайтуға қосқан үлесі үшін алғыс айтты. Айта кетейік, Гонконгта өткен әлем біріншілігінде қазақстандық шпага шеберлері Финляндия, Өзбекстан, Дания және Мысыр құрамаларын жеңсе, финалда Украина құрамасынан 45:40 есебімен озды. Бір жыл бұрын Қазақстанның бұл сайыстағы ең үздік нәтижесі қола медаль болған еді.

Александр Горбачук, шпагамен семсерлеу бойынша Қазақстан құрамасының жаттықтырушы-консультанты:

- 20 команда қатысты, барлығының деңгейі бір шамада және кейде жеңісті тек бір ғана соққы шешеді. Кішігірім қате болса, команда жеңіске жету мүмкіндігінен айырылады. Команда үлкен сынаққа төтеп берді, біз спортшыларды алмастырып, отырдық, Руслан Курбанов дер уақытында көмектесіп отырды. Жақсы жоспарланған жаттығулар, спарринг серіктестер болды, дос-жаран, туысқандарымыздың қолдауын сезіндік.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?