Қазақстандағы өңдеу өнеркәсібінің үлесі 46,7% дейін артты

Қазақстандағы өңдеу өнеркәсібінің үлесі 46,7% дейін артты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы Қазақстанның өңдеу өнеркәсібінің дамуына жаңа серпін берді. Биылғы жылдың 7 айында өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 18,8 трлн теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9%-ға өсті. Өңдеу өнеркәсiбiнің үлесi 47%-ға жуық өстi және қазiрдiң өзiнде кен өндiру секторының үлесiнен асып түскен. Ең жоғары қарқын машина жасау бағытына тиесілі - мұндағы өсім 22%-ды құрады. Химия және жеңіл өнеркәсіп, құрылыс материалдары өндірісінде де оң динамика байқалады. Сонымен қатар, елде жаңа кәсiпорындар саны да артты. Биыл жалпы құны 1,7 трлн теңге болатын 200 индустриялық жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда республикада 84 өндіріс іске қосылды, соның арқасында 6 мыңға жуық жұмыс орны құрылды. Жобалық қуатқа шыққан кезде зауыттар жыл сайын 1,5 трлн теңгенің өнімін өндіретін болады. Оның шамамен үштен бірі экспортқа бағытталады.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?