Жақын арада Жетісу облысында қазақтың тазы мен төбет
тұқымдарын өсіретін бірегей орталық ашылады. Кешен жүздеген таза қанды иттерді
селекциялауға және асырауға арналған алаңға айналады. Орталық Азия мен ТМД
елдерінде мұндай орталыққа балама жоқ. Қазір нысан іске қосылуға дайын.
Инженерлік желілер жүргізілген, абаттандыру жұмыстары аяқталуда. Нысанда әкімшілік
ғимараттар, павильондар және карантиндік аймақ орналасады. Сондай-ақ, ат
қорасы, жүгіру жолы және иттерді жаттықтыратын манеж салынады.
Бахтияр Рамазанов, «ОХОТЗООПРОМ» ӨБ» РМҚК Бас директорының орынбасары:
- Толық құрылым
болады. Мына жерде өзінің тамақ пісіретін жері, өзінің ветклиникасы,
лабораториясы болады. Алдағы уақытта жаңа қолданысқа беріледі. Қазір дайындалып
жатырмыз соған. Жаңа өздеріңіз көріп өткендей жихаздарын кіргіздік. Жабдықтарды
жабдықтадық. Әлі де кішігірім жұмыстар бар, жасалып жатыр.

