Қазақстанда тағы бір өңірлік IT HUB ашылды

Қазақстанда тағы бір өңірлік IT HUB ашылды

Ақтөбеде жаңа IT HUB орталығы ашылды. Мұнда сұранысқа ие цифрлық мамандықтарды меңгеруге болады. Орталық Ақтөбе жоғары политехникалық колледжінің базасында құрылған. Мұнда бірнеше бағыт бойынша білім беріледі. Атап айтқанда, оқушылар робототехника, 3D модельдеу, компьютерлік графика және жасанды интеллект бойынша білім алады. Олар құрылғыларды құрастырып, бағдарламалауды, үш өлшемді нысандар жасауды, иллюстрациялар мен логотиптер әзірлеуді үйренеді. Ал жасанды интеллект сабақтарында цифрлық контент жасап, қарапайым чат-боттар құрастыра алады. Колледж студенттері де алған білімдерін тәжірибе жүзінде бекітіп, болашақ мамандығына дайындалады.

Кәусар Батырхан, колледж студенті:

-  Осындай центрдің ашылып жатқаны, бұл жастарға өте қолайлы. Яғни, бізге беріліп жатқан мүмкіндік. Және ағылшын тіліндегі ресурсатармен жұмыс істеу, оcындай жаңа технорлогиялырды меңгеру қазіргі таңда өте маңызды болып келеді.  Мемлекет басшымызға үлкен алғыс біліреміз. Себебі, осындай мүмкіндік үшін.

Орталық жанынан Tomorrow School мектебі де ашылды. Мұнда бағдарламалау бойынша алдын ала білімі болмаса да, IT мамандығын меңгеруге болады. Оқуға түсу үшін онлайн тестілеу мен 4 апталық іріктеу курсынан өту қажет. Негізгі оқу бағдарламасы бір жарым-екі жылға есептелген. Студенттер бағдарламалау, АІ және машиналық оқыту бағыттарын меңгереді. Дәстүрлі дәрістердің орнына олар өздігінен білім алып, практикалық тапсырмаларды орындайды және бірлескен жобалар әзірлейді. Оқу барысында 50-ден астам жоба жасайды. Мұндай оқыту тәсілінің тиімділігін Астанадағы тәжірибе де көрсетіп отыр. Айта кетейік, AQTOBE IT HUB орталығындағы барлық оқу бағдарламасы тегін. Ол облыстық бюджеттен қаржыландырылады. Бұл шетелдік сарапшыларды шақыруға, жергілікті оқытушылардың біліктілігін арттыруға және өңір тұрғындарының заманауи технологияларды меңгеру мүмкіндігін кеңейтуге жол ашады.

Бұлбұл Күзембаева, Ақтөбе облысы Білім басқармасының басшысы:

– 300 орындық. Бұл жерде мектеп оқушыларынан бастап, 18 жастан ересектерде келіп, білім ала алады. Бұл орталықтың уақыты шектеусіз. Кешкі уақыттада, жұмыстан, сабақтан босаған кезде, снебі, жексенбі күндері біздің жастарымыз өзінің қосымша осындай білімін жетілгіргісі келсе, өздерінің жобалары бойынша жұмыс жасағысы келсе, біздің аудиториямыз ашық болады. Бұл жерде мүмкіндік енді өте кең, біз бағытта шектеліп қана қоймаймыз. Жақсы ұсыныстар түсіп жатыр, инженерлік бағытта, техникалық бағғыта дамыту айти-саласын. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?