Қазақстанда қолөнершілерге арналған цирлық платформа іске қосылды

Қазақстанда қолөнершілерге арналған цирлық платформа іске қосылды

Қазақстандық қолөнершілер енді өз өнімдерін Sheber цифрлық платформасы арқылы сата алады. Астанада таныстырылған жаңа жоба отандық шеберлерді қолдауға және оларыдың бұйымдарын жаңа нарыққа шығаруға бағытталған. Қазірдің өзінде мобильді қосымшаға 100 астам қолөнерші тіркелген. Мұнда былғарыдан жасалған бұйымдар, керамика, ұлттық әшекейлер мен кәдесыйлар ұсынылған. Платформа қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде жұмыс істейді. Жасанды интеллект технологиялары кәсіпкерлерге тауар карточкаларын рәсімдеуге, фотосуреттерді өңдеуге және өнім сипаттамаларын дайындауға көмектеседі.

Наджибулла Ғабибуллаұлы, қосымшаны әзірлеуші:

- Біз қолөнершілерді қолдауға және оларды сатып алушылармен байланыстыруға арналған SHEBER мобильді қосымшасын әзірледік. Аталған бірегей бастама аясында жасанды интеллектпен жабдықталған жеке кабинет жасадық. Яғни, біріңғай жүйе арқылы отандық шеберлер төл өнімдерін жүктеп, ұсынатын тауарлардың сипаттамаларын өңдеуге және толықтыруға, сондай-ақ қажетті тегтерді автоматты түрде қосу мүмкіндігіне ие болады.

Жоба қолөнершілерді қолдаумен қатар, Қазақстанның креативті экономикасын дамытуға да бағытталған. Бірегей цифрлық платформа «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына берілді. Енді палата бұл жобаға еліміздің барлық өңіріндегі шеберлерді тартуды жоспарлап отыр. Қанатқақты бастаманың алғашқы кезеңі Алматы қаласы мен Алматы облысында жүзеге асырылады. Кейін қазақстандық қолөнершілердің өнімдерін сауда желілері, музейлер, әуежайлар мен туристік нысандар арқылы өткізу көзделген. Ауылдық жерлердегі кәсіпкерлерді қолдау мен оқытуға да ерекше көңіл бөлінбек.

Ксения Семенчук, «Атамекен» ҰКП өңірлерді, шағын және орта бизнесті дамыту департаментінің басқарушы директоры:

- Бұл платформа шығармашылықпен айналысатын отандық кәсіпкерлердің күнделікті ұйымдастыру жұмыстарынан арылып, өздерінің бірегей туындылары мен әшекейлерін жасауға көбірек көңіл бөлуіне мүмкіндік береді. Бұл – олар үшін үлкен көмек. Өйткені енді логистиканы ұйымдастыру, тауарды қалай жеткізу және қалай қаптау керектігі туралы алаңдамайды. Осы бағыттардың барлығы бойынша оларға жан-жақты қолдау көрсетіледі.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?