Қазақстанда инфрақұрылымды жаңғыртуға 6,5 трлн теңге бөлінеді

Қазақстанда инфрақұрылымды жаңғыртуға 6,5 трлн теңге бөлінеді

Қазақстан ауқымды құрылыс алаңына айналады. Ел Үкіметі бұрын-соңды болмаған инфрақұрылымдық жаңғыру жоспарын әзірлейді. Бұл туралы бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтты. Мемлекет басшысы қуатты әлеуетті инфрақұрылымды жетілдіруге, еліміздің әр аймағын көркейтуге бағыттау қажет екенін алға тартты. Халықаралық валюта қоры ұсынған болжамға сәйкес, биыл еліміздің жалпы ішкі өнімі 400 млрд долларға жуықтайды. Республика экономикасының көлемі жағынан әлемде 47 орынға көтеріледі. Өңдеу өнеркәсібі де қарқынды дамуда. Оның жалпы ішкі өнімдегі үлесі 14% асты. Сонымен қатар, алтын-валюта резерві мен Ұлттық қор активтерінің көлемі 130 млрд доллардан асты. Енді әлеуметтік, көлік және инженерлік инфрақұрылым нысандарын салу және жаңғырту уақыты келді, деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Үкімет бұрын-соңды болмаған Инфрақұрылымдық жаңғыру жоспарын әзірлейді. Бұл ауқымды жұмысты іске асыру үшін 2029 жылдың соңына дейін Ұлттық қордан шамамен 6,5 трлн теңге бөлінеді.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?