Қазақстанда «Хроникадан болашаққа» кинокеруені өз мәресіне жетті

Қазақстанда «Хроникадан болашаққа» кинокеруені өз мәресіне жетті

«Хроникадан болашаққа» республикалық кинокеруені өз мәресіне жетті. Жоба Президент Телерадиокешенінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылды. Алматы қаласында өткен қорытынды көрсетілімде көрермендерге «ARAL» және «Апорт» деректі фильмдері ұсынылды. Алғашқысы балықшы Күнтуған Тұрғынбаевтың өмірі арқылы Арал теңізінің тағдырын баяндайды. Ал екінші кинотуынды әлемге әйгілі қазақстандық алма сортының тарихына арналған. Айта кетейік ауқымды жоба ясында Деректі кино орталығының үздік фильмдері еліміздің 20 қаласында көрермен назарына ұсынылды. Мақсат отандық деректі киноны кеңге насихаттап, еліміздің жаңа тарихын экран арқылы көрсету. Көрермендер Қазақстанның табиғаты мен тарихын, қоғамдағы маңызды оқиғалар мен заманауи өзгерістерді арқау еткен туындыларды тамашалады.


Гүлбақыт Құрманжанова, Алматы қ. тұрғыны:


–  Көрген фильмдердің барлығы мына тарихымыз болашаққа көрсетер бір үлгіміз. Алматы тарихы, апорттың тарихы өзінше болса, Арал тарихыда өсіп келе жатқан болашақ үшін ертегі сияқты болып қалмасын.  Осындай бізде мәдениеттің болғанын, Аралымыздың қандай дәрежеде болғанын, ондағы халықтың тұрмыс-тіршілігіне үлкен әсер етіп отырғанын тарихи негізде біліп отыру керек.


Ақылбек Шалжанов, ҚР Президенті Телерадиокешені Деректі кино орталығының директоры:

- Жалпы деректі кино орталығы, мемлекет басшысының қызметі туралы контент әзірлейтін мекеме болғандықтан, біздің ең басты мақсатымыз деректі фильмдерімізді осы мемлекет басшысының қызметін және саясатын көрермендерге осы деректі фильмдер арқылы көрсету, біздің басты мақсатымыз болып табылады.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?