Қазақстан Үкіметі Алакөл жағалауын қорғауға 3 млрд теңге бөлді

Қазақстан Үкіметі Алакөл жағалауын қорғауға 3 млрд теңге бөлді

Қазақстанда Алакөл көлінің жағалауын қорғауға 3 миллиард теңге жұмсалады. Жетісу облысында жаңа бөгет салуға Үкімет резервінен қаражат бағытталады. Тиісті қаулыға Премьер-Министр Олжас Бектенов қол қойды. Айта кетейік, жоба ел Президентінің су шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту жөніндегі тапсырмасы аясында жүзеге асырылуда. Ол екі ауылдың жағалауында алты километрлік қорғаныс құрылысын салуды көздейді. Бұл жағалау жиегін нығайтуға, оның бұзылу қаупін азайтуға және туристік аймақты дамыту үшін қосымша жағдай жасауға мүмкіндік береді. Үкіметте соңғы екі жылда еліміздің алты өңірінде барлығы 243 шақырым қорғаныс бөгеттері мен басқа да гидротехникалық құрылыстар салынып, нығайтылғаны атап өтілді.


Жандос Сәлімов, ҚР Су ресурстары және ирригация вице-министрі:

- Құрылыс жұмыстары 2025 жылы басталды. Осы мақсатқа республикалық бюджеттен 1,5 млрд теңге бөлініп, толық көлемде игерілді. Сонымен қатар, жер және бетон жұмыстарын орындады, сондай-ақ габиондық конструкциялар орнатылды. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?