Қазақстанда егін жинау науқаны басталды

Қазақстанда егін жинау науқаны басталды

Қазақстанда егін жинау науқаны басталды. Еліміздің Ауыл шаруашылығы министрлігінің дерегінше, биыл егіс алқабы 24 млн гектардан асып жығылды. Оның 15 жарым млн гектарына жуығы дәнді және бұршақты дақылдардың үлесінде. Бүгінде 12,5% алқаптан дәнді дақыл жиналды. Өткен жылы осы кезде бұл көрсеткіш екі есе төмен болды. Орақ науқанының ертерек басталуы жаздың әдеттен тыс ыстық болып, егіннің тез пісуіне байланысты. Бұл ретте дәнді дақылдың өнімділігі былтырғыдан жоғары. Биыл гектарынан шамамен екі центнерге көбірек бастырылуда. Жиын-терімге арналған техника дайындау жұмыстары аяқталуда. Фермерлерге қазірдің өзінде егін жинауға 400 мың тоннадан астам дизель отыны бөлінді. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге жеткізілімдердің ашықтығын қамтамасыз ету үшін дизель отынының жеке пин-кодтары мен цифрлық таңбасы енгізілді. Электрондық шот-фактура жүйесінде виртуалды қойма құрылды. Шымкент мұнай өңдеу зауытында молекулалық таңбалауды енгізу пысықталуда. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?