Қазақстанда дәрі-дәрмек өндіретін сегіз зауыт салынады және жаңғыртылады. Бұл жерде онкологиялық, жүрек-қан тамырлары және инфекциялық ауруларды, сондай-ақ қант диабетін емдеуге арналған 500-ге жуық препарат өндіріледі. Фармацевтикалық зауыттар Алматы, Шымкент қалалары мен Қарағанды және Алматы облыстарында бой көтермек. Айта кетейік, соңғы үш жылда елдегі дәрі-дәрмек өндірісі 37% өсіп, 191 млрд теңгеге жетті. Бүгінде Қазақстанда 200-ден астам фармацевтикалық және медициналық өнім өндіруші компания жұмыс істейді. Оның 43-і дәрілік заттар шығарады. Бұдан бөлек, AstraZeneca, Pfizer және Roche компаниялары өндірісті локализациялау процесін бастады. Бұл импортқа тәуелділікті айтарлықтай азайтады,-дейді мамандар.
Тимур Мұратов, ҚР Денсаулық сақтау министрінің орынбасары:
- 2026 жылғы тамыздағы жағдай бойынша отандық өнімнің заттай көрсеткіштегі
үлесі 40,3 пайызға жетті. Сонымен қатар ұзақмерзімді сатып алу тетігі
дамытуылуда. 2026 жылдың басындағы жағдай бойынша 31 отандық өндірушімен 2022
атаудағы өнімді жеткізуге арналған 83 келісімшарт қолданыста.

